Текст
ГТЛ-М ұжымы тағы бір «Білім беру саласының үздігімен»
толықты.
Жаңа оқу апталығы гуманитарлы-техникалық лицейі үшін керемет жаңалықтан басталды: қазанның 2-сі күні ГТЛ-М математика мұғалімі Жантубетова Баян Аманжоловна Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңесімен «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды.
Құрметті Баян Аманжоловна, ГТЛ-М ұжымы Сізді осы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!