"Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық  лицей"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Технический лицей"  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Техникалық лицейі” КММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2023 жылғы есебі

 Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Техникалық лицейі” КММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы

2023 жылғы есебі

        

Мемлекеттік қызмет көрсету 15.04.2013 ж. № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына негізделеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Аталған Заңға сәйкес тең қолжетімділік, бюрократизм мен кешіктірушілікке жол бермеушілік, есептілік пен ашықтық, сапа мен қолжетімділік қағидаттарының, сондай-ақ үдерісті тұрақты жетілдірудің негізінде білім беру ұйымында мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан республикасының заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сыныпталған тізбесі бірыңғай тізімді құрайды. ТЛ мемлекеттік 5 қызметті қамтиды:

Бірінші  - негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретің ұйымдар арасында  құжаттарын  қабылдау

Екінші – негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында  денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

Үшінші – жалпы білім беретін мектпетерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;

Төртінші -  аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

Бесінші - негізгі орта және жалпы орта білім беру туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру.

Өткен 2023 жылы кезеңінде барлығы 92  қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз түрінде 90, электронды түрде 2 қызмет көрсетілді.

Негізгі орта және жалпы білім беретін мектпетерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру - 3;

Негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретің ұйымдар арасында  құжаттарын  қабылдау - 88 қызмет көрсетілді;

Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау жолдама беру - 1 қызмет көрсетілді.

Лицейдің мемлекеттік қызметтерді көрсету мына принциптерге негізделеді:

1) Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

2) Қызметтік болышын орындауға заңдылық;

3) Сыпайылық;

4) Жан-жақты және толық ақпарат беру;

5) Қорғау және құпиялық;

6) Мемлекеттік қызметті алушы уақытында алмаған құжаттардың сақталуын өамтамасыз ету.

Лицей директорының бұйрығы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылар тағайындалған. Жауапты тұлғалар халыққа сапалы, қолжетімді және уақытылы қызмет көрсетуге жауапты, өйткені мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мемлекеттің беделін, сондай-ақ мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін арттырады. Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған және қағаз түрінде көрсетіледі.

Лицей ғимаратында, стендте мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: «Мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, стандарттар мен регламенттер, қажетті құжаттар тізбесі мен үлгілері бар, олардың толтырылуы, белгілі бір қызмет түрін көрсететін мамандар туралы мәліметтер, мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар журналдары. Ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына дәлелді шағым жасауға құқығы бар. Ай сайын лицейдің қызмет көрсету сапасын бақылау және қадағалау мақсатында қалалық білім бөліміне көрсетілген қызметтердің саны мен сапасы туралы есеп беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарға талдау жүргізіледі, ол кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, әкімшілік жоспарламада, педагогикалық кеңестерде қаралады. Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.  


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 17:44
Құрылған күні: 29.02.2024 18:14

Текст