Текст
06.05.2026
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, біздің мектеп 6-7 сынып оқушылары арасында "Жігіт Сұлтаны" конкурсын өткізді.
Сайыс барысында қатысушылар өз өнерлерін, тапқырлықтарын, білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Әрбір үміткер нағыз жігітке тән қасиеттерін дәлелдеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақты елін сүюге, ерлікке, намысшылдыққа баулиды.
Барлық қатысушыларға рахмет және жеңімпаздарды құттықтаймын!
Гранд Прайс - Бекбаев Мансұр, 6 «В» сынып
Бірінші орын - Мұхаммедин Дінмұхаммед, 7 сынып «А»
2 орын - Серікзанұлли Ермек, 6 сынып «А»
3 орын — Жарылқас Жантере, 6 «А» сынып