Текст
2024 жылғы 5 қазан күні "Көкшетау" мәдениет сарайында Ақмола облысы әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың қатысуымен "Ұстаздар күні" мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада өз міндеттерін адал орындап, білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесін қосып жүрген ұстаздар марапатталды. Мектебіміздің ардагері, математика пәнінің мұғалімі Ботагөз Сейдахметовна Ашуова да ҚР ОАМ "Ы.Алтынсарин" медалімен марапатталды. Ботагөз Сейдахметовнаны құттықтап, зор денсаулық тілейміз! Ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін зор алғысымызды білдіреміз!