Текст
29.10.2024
Техникалық лицей мектебінде 24-нші қазан күні «Адал ұрпақ» клубының мүшесі 10-ншы сынып оқушысы Айткенов Әмір «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына дәріс сабағын өткізді. Сабақ барысында көптеген деректі мәліметтер айтылды. Оқушылар кейбір мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, өздеріне керекті жауаптар алды.