Текст
Омарова Аяна, Көкшетау қаласы Техникалық лицейінің 7 «Б» сынып оқушысы, өзінің жас санатында республикалық сұлулық, сән және талант фестивалінің жеңімпазы және «Teen-miss Kazakhstan Beauty - 2024» титулының иегері бола отырып, ұлы модельерлер Пьер Карден мен Вячеслав Зайцевтің «World Beauty and World Beauty Awards 2024» халықаралық сұлулық, сән және талант фестиваліне қатысуға шақырылды. Ресей, Мәскеу қаласында 2024 жылы 1 қарашадан 6 қарашаға дейін өткен фестиваль нәтижесінде, Омарова Аяна өзінің жас санатында жеңімпаз атанып, «Teen-miss Asia 2024» Гран-при иегері атанды.
Аянаны осы жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!