Текст
15 қараша-ҚР Ұлттық валюта күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні 1993 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгізілді. Осы айтулы күнге байланысты Техникалық лицейде сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар ұлттық валютаның пайда болу тарихымен, "теңге" термині қалай пайда болғаны туралы білді. Алғашқы ақшаларда бейнеленген Қазақстанның Ұлы ғалымдары туралы білді.