11 қарашада лицейде «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығының ашылуы болды
Құрметті оқырмандар, бүгін біз қазақ тілі мен әдебиеті апталығын салтанатты түрде аштық! Бұл апталық – ұлттық рухымызды асқақтатып, тіліміз бен әдебиетіміздің құндылықтарын жастарға насихаттауға арналған ерекше шара.
Апталық барысында оқушыларымызды қызықты байқаулар, танымдық сайыстар, әдеби кештер және шығармашылық кездесулер күтуде. Апталық бойы біз қазақ тілінің байлығы мен әдебиетіміздің асыл қазыналарын бірге зерттеп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді мақсат етеміз. Әрбір іс-шара қазақ тілін терең меңгеруге, әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятуға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған.
🔔 Біздің парақшамыздан жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!
https://www.instagram.com/reel/DCTBuueoIGg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==