2024 жылдың 14 қараша күні, «Қазақшаңыз қалай, әріптес» Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының өзге ұлт өкілдері арасында қалалық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Аталған ауқымды іс-шараны қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі Байбакова К.Б. ұйымдастырды. Сайыс 6 кезеңдері:I кезең: «Сәлем-сөздің бастауы». II кезең: “Сөздер сөйлейді…” . IIІ кезең: «Дода». ІV кезең: «Біз ,бұл жайында не білеміз?. V кезең: «Кім жүйрік?» . VI кезең:” Қазақша ән шырқаймыз!» .
Әр кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері болды. Сайысқа қатысушылар әр кезеңге асқан қызығушылықпен қатысып, өздерінің бойындағы білімдері мен өнерлерін аямады. Қазақ тіліне деген құрметтері - өздерін көрермендерге таныстыруларынан-ақ көрініп тұрды. Қатысушылардың бірі, өзін қазақ тілінде таныстыруымен, бірі қазақша ән айтуымен, ал енді бірі қазақтың тұрмыстық бұйымдарының атауы мен қолданылу мақсатын шебер көрсете білуімен ерекшеленді. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
🥇 І орын, Красный Яр ауылы № 2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кашкевич Надежда Сергеевна. 🥈2 орын, Красный Яр ауылы № 1 МГ бастауыш сынып мұғалімі Акулич Наталья Васильевна.
🥈 2 орын, № 13«ЭКОС» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кравцова Алёна Радиковна.
🥉 3 орын, №4 ЖОББМ мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Барт Светлана Александровна.
🥉 3 орын, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ивкина Валентина Александровна .
🥉 3 орын, № 5 “Таңдау” КГ дене шынықтыру мұғалімі Процак Анастасия Петровна.
💐 №1 МГ математика пәні мұғалімі Карасёва Любовь Николаевна және № 12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Данчева Ольга Михайловна арнайы сертификаттармен марапатталды. Қатысушылардың барлығына естелік кәдесыйлар табысталып, аталған іс-шара өз мәресіне жетті.
https://www.instagram.com/reel/DCYHh5Voual/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==