Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы 2024 жылғы 13-15 қараша күндер аралығында Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікір сайыс турнирін өткізді. Турнирге Ақмола облысы бойынша 15 ауданнан (Целиноград, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Сандықтау, Ерейментау, Жарқайың, Қорғалжын, Ақкөл, Бурабай, Есіл, Жақсы, Бұланды, Зеренді, Егіндікөл) 3 қаладан (Степногорск, Көкшетау, Қосшы) және облыстық мектеп-интернаттарынан 38 команда 117 оқушы қатысты. Қатысушылар әр түрлі тақырыпта сөз қозғап, өздерінің шешендіктерін көрсетті.
Турнирдің басты мақсаты Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.
Төрешілердің қорытынды шешімі негізінде пікір сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Орыс лигасында:
1 орын - Көкшетау қаласы, лицейіміздің «Авангард» тобы. Оқушылармен жетекшілерді құттықтаймыз!