15 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Боранбай Ж.А., Искаков Ғ.М. 8-9 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірі» сайысын ұйымдастырып өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Аталған іс-шара сайыс түрінде өткізіліп, 8-9 сыныптардан құралған «Жас өрен», «Тілшілер», «Шешендер» деп аталатын топтар өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Сайыс алты кезеңнен тұрды. 1. Таныстыру, сәлемдесу. (+өнер көрсету), 2. «Зымыран сұрақтар», 3. «Жеті жұрттың тілін біл», 4. « Жұмбақ сандық «, 5. «Жүйрік болсаң, шауып көр», 6. «Бейне сұрақтар» деп аталды. Әр кезеңге оқушылар белсенді қатысты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша «Жас өрен» тобы 1 орынға ие болса, «Тілшілер» тобы екінші орынды еншіледі. Ал, «Шешендер» тобы 3 орынға ие болды. Іс-шара соңында ӘБ жетекшісі Байбакова К.Б. қатысушыларға марапат қағаздарын ұсынып, сайысқа қатысушыларға алғысын білдірді.