15.11.24 күні «Тіл – асыл қазына» тақырыбы апталығы аясында 10 «Б» сыныбында «Жасанды интеллектті сабақта қолдану» семинар-сабағы өтті. Бұл сабақта білім беру процесінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған тақырыптар талқыланды. Сабақ барысында оқушыларға және мұғалімдерге инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын игеру әдістері таныстырылып, практикалық тапсырмалар орындалды. Жасанды интеллекттің оқу сапасын арттырудағы рөлі мен артықшылықтары да қарастырылды.
Сабақ нәтижесінде оқушылар және мұғалімдер жаңа технологияларды сабақта қолдану тәсілдерін меңгеріп, жасанды интеллекттің көмегімен жеке оқыту траекторияларын құру мүмкіндіктерімен танысты.