19.11.2024 ж. қазақ сыныптарында өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында 7 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Искаков Ғалымжан Мұталлапұлымен және 11 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Зерде» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тарихы мен музыка салаларын қамтыған 5 кезеңнен құрылды. Әр кезеңнің тапсырмалары жан-жақты ойластырып, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ойынның ерекшелігі - «VR көзілдіріктер», «Жасанды интеллект пен қазақтың ұлы тұлғалары» сияқты кезеңдері жасанды интеллектің элементтерін белсенді қолдану арқылы әзірленді. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды «Көкбөрілер» командасы, 2 орынды «Қырандар» командасы, 3 орынды «Барыстар» командасы иеленді. Оқушылар бағалы және тәтті сыйлықтармен марапатталды.