2024 жылғы 20-21 қарашада Көкшетау қаласында тұңғыш рет халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен педагогтер Саммиті өтті. Саммитке лицей ұстаздары Какимова А.К.,Кулина О.В., Пивень Н.В және директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Шаменова М.Т қатысты.
Бұл шара Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.
Саммит аясында әлемдік және отандық сарапшылардың, әлеуметтік-эмоционалды оқыту, инклюзивті білім беру, білім берудегі жасанды интеллект, психология, нейропедагогика саласындағы әлемнің және Қазақстанның үздік мұғалімдерінің тренинг-бағдарламалары ұсынылды.
Бұл орасан зор білім беру іс-шарасы біздің өңіріміздің мұғалімдері үшін халықаралық білім беру үрдістерімен танысуға, осындай форумдарға қатысуға және әлемнің жетекші сарапшыларымен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік болып табылады.