"Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Техническая школа-лицей"  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық лицейде 21-нші қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Бейсенбай Адайдың ұйымдастыруымен 20-ншы қараша балаларды қорғау күніне орай «Бұл палата Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары мен бостандықтары жақсы қорғалған деп тұжырымдайды» атты тақырыпта 10 «А» сынып оқушылары арасында дебат өткізді.

25.11.2024

Техникалық лицейде 21-нші қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Бейсенбай Адайдың ұйымдастыруымен 20-ншы қараша балаларды қорғау күніне орай «Бұл палата Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары мен бостандықтары жақсы қорғалған деп тұжырымдайды» атты тақырыпта 10 «А» сынып оқушылары арасында дебат өткізді. Бұл дебат сайысында үкімет позициясын ,Балтабеков Санжар мен Маратбекқызы Ақнұр қолдаса, оған қарсы оппозиция көзқарасын Ахметжанов Мадияр мен Жамбулов Санжар қолдап шықты. Дебат өте тартысты өтті. Дебаттың әділ бағасын беруде сот қызметін атқарған тарих пәнінің мұғалімі Бейсенбай Адай пікір сайысты қорытындылап, жеңімпаз топтың бағасын берді. Бұл сайыста үкімет көзқарасын қолдаған оқушылар жеңіске жетті. Сыныптың барлық оқушылары өз топтарын қолдау үшін көрермен ретінде қатысып, көптеген ақпараттармен танысты. Мұндай дебат сайысы жастарымыздың еркін ойларын, батыл пікірлерін жеткізе білуге септігін тигізетініне кәміл сенеміз.

Просмотров: 62


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст