Текст
Бүгін лицей базасында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету аясында іс-шара өткізілді. Іс-шараға №18 МЛ және №2 МЛ жас мамандары шақырылды. Ағылшын тілі мұғалімі, педагог-шебер М.В. Громова «ҚМЖ жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар»тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Е. А. Юрко «ТЖБ және БЖБ құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Осы іс-шара барысында жас педагогтар үлкен кәсіби көмек алып өз жұмыстарында одан әрі қолданатын болады.