Текст
25 желтоқсан күні «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы өткізген 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» және 10-11 сыныптарға арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Оқушыларды дипломмен марапаттап, атаулы оқу орталығының курстарына 5-20% жеңілдіктер беріп ынталандырды. Жеңімпаздарға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.