Бүгін дарынды оқушылар «Елбасы медалі» қола наградаларымен марапатталды!
«Елбасы медалі» бағдарламасы балалар мен жастарды қолдау және ынталандыру жүйесі болып табылады. Әрбір жас әрі мақсатқа ұмтылған қазақстандық "Елбасы медалінің" иегері бола алады! ❇️«Елбасы медалі» - Елбасының бақылауымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын көздейді: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі.
❇️Бүгін Достық үйінде Техникалық лицейінің 11 сынып оқушысы Саутова Дильназ бен 9 сынып оқушысы Какимова Ажарды Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев медальмен марапаттады.