Текст
21.04.2026
Керемет жаңалық!
Біздің мектептің 8-сынып оқушысы Оразалы Жалғас Ұлттық инклюзивті жазғы спорт ойындары аясында өткен «Жұлдызай» спорттық іс-шарасына қатысып, керемет нәтижелерге қол жеткізді!
Жалғас өзінің табандылығы мен спортқа деген сүйіспеншілігінің арқасында келесі жетістіктерге жетті:
Асық ату - 1 орын
Үстел теннисі - 1 орын
Жеңіл атлетика - 2 орын
Бочча - 3 орын
Мектебіміздің беделін осындай керемет жетістіктермен арттырған Жалғасқа өте ризамыз!
Оған қиын сынақтарда табысқа жетуді және болашақта да табысқа жетуді тілейміз!