Текст
"Қарттар күніне" орай қазан айының 1-ші жұлдызында Гуманитарлы-техникалық лицей- мектебінің 7А сынып оқушылары қала көшелерінде кездескен қазыналы қарттарға деген жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау хаттарын табыстады. Ақылы дария үлкендерімізге құрмет- ұрпақтар сабақтастығының белгісі ғана емес, тәрбиенің де қайнар көзі болып қала бермек. Лицей шәкерттері қай уақытта болмасын үлкендерімізге деген құрметін жалғастыра береді.