Текст
27.11.2019 жылы
ГТЛ - мектебінде Көкшетаулық жас ақын, "Қазақстан -Көкшетау" телеарнасының журналист-редакторы Абзал Азаматұлы Балтабаевтың шығармашылығына арналған "Өнерімді еліме арнаймын" атты сыр сұхбат өтті. Кездесуге жас ақын Табысбек Үсен, А.Махметова, телеарна тілшілері А. Ақтаева, Б.Жақсыбай, Т.Бабасанова қатысты.
Жас ақын өзі жайлы деректермен бөлісе отырып, өзінің туындыларын оқып берді. Кездесу өте әсерлі және мән мағынаға толы болды. Iс-шараға жауапты болған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметбеков Тлеукен Тайбағарұлы.