Текст
2019 жылдың 27 қараша күні "Ұлы даланың ұлы перзенттері" тақырыбында өткізіліп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Лицей шәкірттері ақынның "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан сахналық көрініс қойып, өлең-жырларын мәнерлеп оқыды. Iс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлнәз Кеңпейилқызы.