Текст
18 қаңтар күні Техникалық лицей 7 сынып оқушылары арасында қалалық "Математикалық регата" турнирін өткізді. Турнирге 5 команда қатысты. Олар: №2 МЛ,№6 МЛ, №21 МЛ, №18 МЛ, ІТ-лицейі.
Математикалық регата - математикалық есептерді шешуде оқушылардың командалық сайысы.
Турнир 3 кезеңнен тұрды. Әр кезеңнен кейін техникалық лицейінің 10-11 сынып оқушылары турнирге қатысқан оқушылармен әр кезеңде тапсырмалардың шешімдерін талдап, «Математикалық фокустар» жаттығуларын өткізді. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Турнир нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: №6 МЛ
2 орын: С. Жүнісов атындағы №18 МЛ
3 орын: № 21 МЛ
/public/files/2023/1/19/190123_093459_3018861263686539596.mp4