"Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Техническая школа-лицей"  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық лицейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есеп

21.02.2023
Құрметті мемлекеттік қызмет алушылар, «Техникалық лицей» мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың қорытынды есебі
 
Техникалық лицейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну;
- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау;
- Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.
 
2022 жылы «Техникалық лицей» КММ - 77 кызмет көрсетті; электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет — 0 қызмет, кағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 77 қызмет. Кері қайтарылған қызметтер жоқ. 
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
 
Сыбайлас жемқорлық тауекелдерін төмендету жане Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай Akmo1a.kz  ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, білім беру мекемесіндегі ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мекеме мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған компьютерлік техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.
 
  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы «Техникалық лицей» КММ  жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады. 
Техникалық лицейдің көрсетілген қызметтер бойынша есебін талқылауға белсене қатысуларыңызды сұраймыз!
         
Директор  А.Баткалова
Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст