Қыстың соңғы күн біздің лицей ұжымы үшін ерекше болды. Қазақ тілі және орыс тілі мұғалімдері қаламыздағы Достық үйінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Ұлы елдің ұлы тұлғасы "тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырып өткізді. Оқушылар ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, аудармаларын, әндерін шебер орындай отырып сахналық қойылымдарды көрермен жүрегіне жеткізе білді . Лицейіміздің директоры Наталья Дементьева іс-шараны қорытындылап ұлы Абайдың есімі халқымыз үшін мәңгі өлмейтінін, оның қара сөздері мен өлеңдерінің қазіргі таңда да өзекті екеніне тоқталды. Кеш қонақтары "Русское общество" қоғамының төрағасы Александр Артеменко және балалар шығармашылық мектебінің директоры Юлия Желобкова Ұлы жиналған халықты мерекемен құттықтап, шексіз алғыстарын білдірді.