2023 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Халықаралық Ақпараттық технологиялар Университеттері базасында ҚР Оқу ағарту министрлігінің және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қолдауымен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің Х Халықаралық АҚТЫҚ шығармашылық байқауы өткізілді. Бауқауға лицейіміздің математика пәні мұғалімі Аяғанов Жәнібек Кенжебекұлы әділ қазы мүшесі ретінде қатысты.
*Байқауды өткізудің маңызы - мұғалімдер мәртебесін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуі, Қазақстандағы жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерін біріктіру және тәжірибе, білім алмасу және басқа елдердің педагогтары мен өзара байланыс орнату.
Еліміздің дамуына үлесін қосатын жобалар көбейе берсін!