26.02.2024
21.02.2024 жылы 11-сынып оқушылары Абай Мырзахмет атындағы университет өкілдерімен кездесті. Кездесу өте қызықты және танымдық болды.ЖОО өкілдері университет туралы ақпараттарды оқушылармен бөлісті. Оқушылар университеттің тарихын,
академиялық жетістіктерін және жалпы оқу атмосферасы туралы білді. Университет өкілдері болашақ студенттерге қолжетімді білім беру
бағдарламалары мен мамандықтардың кең ауқымы туралы айтты.Оқушылар белсене қатысып, өздерінің сұрақтарына жауап алды.
Кездесу нәтижесінде болашақ түлектер мамандықтар туралы пайдалы ақпарат біле алды.