29 ақпан күні «Математикалық регата» математика мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты: математика пәні педагогтердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Облыстық кезеңде барлығы 23 педагог қатысты. Олимпиада төрт кезеңнен құрылды. Әрбір кезең үш тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырма алгебра, математикалық анализ негіздері, екінші тапсырма геометрия, үшінші тапсырма логикалық, комбинаторлық және «сандар арқылы».
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңінің 1 орын жеңімпазы Аяганов Жанибек Кенжибекулы техникалық лицейінің математика пәні мұғалімі атанды.
Олимпиада жеңімпаздары (төрт адамнан құралған команда) Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталады, сонымен қатар, 2024 жылғы 26-27
наурыз күндері Өскемен қаласында «Математикалық регата» өткізілетін республикалық кезеңіне қатысады.