20 наурыз күні Техникалық лицей ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті. «Қош келдің, Әз Наурыз»🔆 деп аталатын іс-шара лицейдің ауласында өтті. Әдемі киіз үй жанында Наурыз мерекесіне жиналған мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен қонақтар көп болды. 🎤Мерекелік іс-шара бағдарламасында әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер ойналды. Мың бұралған бишілер би биледі.
✅Лицей директоры А.Ж. Баткалова жиналған халыққа мерекелік құттықтау сөзін арнады. Мектеп оқушылары ата-аналармен бірігіп халқымыздың салт-дәстүрлерерін бірінен соң бірі көрсетіп, халықтың көңілінен шықты.
Наурыз мейрамының басты тағамы «Наурыз көжеден» мерекеге жиналған халық дәм татты.
✅🏆Сонымен қатар, ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. Денешынықтыру мұғалімдері Е.М. Тілебалдинов және А.Т. Шаменов әкелер кеңесімен бірігіп оқушылар арасында «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Тоғызқұмалақ» , «Қол күрес» т.б. ұлттық ойындарды ұйымдастырып өткізді.
Мереке өте қызықты, тартымды және көңілді өтті.