Текст
2024 жылы 28 наурыз күні Көкшетау қаласының "Барлығына қолжетімді сапалы білім беру" ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасы шеңберінде Техникалық лицей құзыреттілік орталығы "Жобалық қызмет технологиясын пайдалану арқылы орта білім беру педагогтарының педагогикалық құзыреттілігі мен шығармашылық белсенділігін арттыру", "Өсу нүктесі" №2 МЛ және С. Жүнісов атындағы №18 МЛ жас мамандары мен педагог-модератор санатындағы үстаздарға арнап семинар-практикумын өткізді. Директордың орынбасары М. Т. Шаменова педагогтарды жұмыс жоспарымен таныстырды, мұғалімдер Боранбай Ж.А., Пивен Н.В., Пугачева Е. В. шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.