Ағылшын тілі апталығы аясында 2024 жылдың 09 сәуірі күні 11 «А» сынып оқушылары арасындағы лицейішілік «Тіл шебері» атты байқау өтті. Байқауға 11 «А» сыныбынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 4 оқушы қатысып, өз бағын сынады. Байқау қорытындысы бойынша Базарбай Раиана «Ағылшын тілінің шебері», Жетібаева Айнур «Тапқыр аудармашы», Тажимова Арайжан «Қазақ тілінің шебері» және Зейнуллин Жалғасбек «Үздік спикер» номинациясын иеленді. Байқауды ағылшын тілі мұғалімі Рахимова Т.К. ұйымдастырды.
Байқауға белсене қатысқандары үшін 11 «А» сынып оқушыларына, қатысушыларымызға, сарапшыларға және әділқазы алқасына ризашылығымызды білдіреміз. Бүгінгі күні үш тілді білу жас қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін, ой өрісін және өркениеттің мәдени құндылықтарын бойына сіңіру мүмкіндігін арттырады. Барлықтарыңызды үш тілді меңгеруге шақырамыз.