Жыл сайын қаңтардың он жетісі күні өнертапқыш балалар күні аталап өтеді. Нақты айтар болсақ Өнертапқыш балалар күні (Kid Inventor’s Day). Бұл күннің таңдалуы бекер емес,себебі он екі жасында өзінің ең алғашқы жүзуге арналған құрылғысын ойлап тапқан өнертапқыш,елші,ғалым және мемлекет қайраткері Бенджамин Франклиннің туған күніне орай белгіленіп отыр.Біздің лицейімізде де өзіміздің «кішкентай» өнертапқыштарымыз бар екенін айтып өткеніміз дұрыс болар.Тікелей эфирде таралатын «Көкше Нұры» таңғы
бағдарламасында Гуманитарлы-техникалық лицей – мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Артур Тумасян өзінің электр энергиясын нөлдік дәрежеде қолданатын ерекше тұрғынүй жобасын таныстырды.
«Балалар- болашақ өнертапқыштары» атты тақырыбында өрбіген әңгімеде өз жобасы жайлы қызықты деректермен бөлісіп ортаға салды.
Артур өз сөзінде жоба барысында сызбаны әзірлеу қиынға соққанын айта отырып, жас өнертапқыш қоршаған ортаға көптеген зиянды заттар бөлінентінін, сондықтан сыртқы энергия көздерініе тәуелсіз жоба ойлап шығару шешіміне келген. Жобаның маңыздылығы жылыу құрылғысы жерден энергия ала отырып, үйді жылумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар БСО жобасында жарыққа әсер ететін сыртқы қондырғы бар,егер де оны жабатын болса үйде де, далада да жарық өзі қосылады. Артурдың арманы болашақта елімізде Балаларды сауықтыру орталықтары өзі ойлап шығарған жобамен салынса дейді.
Артур эфирге тек өз жобасы БСО –мен ғана емес сонымен қатар өзінің қарапайымдылығы және жеңілдігімен жүргізушілер көзіне түскен ұшақ болды. Бұл ұшақ спорттық сайыстарға арналған қоғалтқышы және батреясы бар, лақтыру арқылы іске қосылады. Жас өнертапқыш өзінің құрастырған ұшағы жайлы айта отырып, болашақ жоспарларымен де бөлісті және алдағы уақытта өзін авиаконструктор ретінде көретіндігін де жасырмады. Жыл сайын 500-ге жуық бала мен жасөспірімдер түрлі жобаларды ойластырып, робот және техникалар құрастырады. Ал сол жас өскіндердің ойлап тапқан дүниелері біздің өмірімізді қызықты әрі ыңғайлы етуге ат салыса отырып, инновациялық технология лардың заманауи әлемінде сапалылығымен, маңыздылығымен таң қалдырады. Біз Артурға алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз және алға қойған мақсаттарының жеңісі мен жемісін көруіне тілектеспіз!