"Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Техническая школа-лицей"  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.01.2018

Міне осымен 27 жыл қатарынан гуманитарлы-техникалық лицей-мектебінде дәстүрлі түрде  8-сынып оқушылары  білім жолындағы адалдыққа Ант бере отырып, «Лицейстер қатарына » қабылданып келеді. 

2018 жылдың 13 қаңтарында «Көкшетау» мәдениет сарайында салтанатты түрде

Лицейстер қатарына қабылдау «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  тақырыбы аясында өтті.

Отбасылық жан жылулығында өткен бұл іс-шараға бес жүзден астам адам қатысты! Лицейстер қатарына өтетін

оқушылар бұл күнді асыға күткен болатын. Ата-аналар болса мақтаныш сезіммен және үлкен қуанышпен көздеріне жас ала отырып, өз балаларының сахналық номерде шығуын ерекше күтті. Ал оқушылар болса өз ата-аналарының, ұстаздарының, өз сыныптастарының алдында жаңа қырынан танылды. Балалардың жаңа қырынан танылуы,

олардың көрермендер тарапынан үлкен қошеметке бөленуі өте жақсы әсер қалдырды.Сахнада шырқалған ән мен би сан алуандығы қонақтар, ұстаздар мен ата-аналарды ерекше қуанышқа бөледі.

 Лицейстер қатарына салтанатты қабылданушылар Кулина Оксана Викторовна  және Сабитова Алма Ибраимовна

жетекшелігіндегі  8 «А» және 8 «Б» сыныбының 46 баласы болды.

Іс –шараны ұйымдастыруда ата-аналар белсене ат салысып, фотоға түсуге арналған баннер, сахна безендіруге шар, түрлі сахналық киімдер мен балаларға естелік сыйлықтар дайындады. 11-сынып оқушылары лицейстер қатарына  жаңадан қабылданушыларға ГТЛ-М эмблемасы бейнеленген төсбелгі және жалаушаларды сыйға тартты.

 

Іс-шараның ресми бөлімі ҚР мемлекеттік гимінің орындалуымен бастау алып, ұлттық сипаттағы би және «Қазақ

елі»,  «Анашым», «Елім менің» әндерімен жалғасын тапты. Концерттік бағдарламаның ресми бөлімі лицейстер әнұранының орындалуымен аяқталды. Аталған кешке 5-11 оқушылары  музыкалық сый тарту ете отырып, ән, би, акробатикалық, спорттық өнерлерін ортаға салды.

  5-7 сынып оқушыларынан құралған хор, «Две половинки», 11 «Б» сынып оқушыларының биімен сүйемелденген  «Қазақ елі» әндері, 9 «Б» сынып оқушыларының биі және 11 «Б» сынып оқушысы Искендирова  Анардың көрсетілім қойылымы аса аталып өтілді.Осы бір мерекелік күннің тағы да бір ерекшелігі қатысушылардың көптігі болды, онда 305 лицейстердің 280 – ні сахнадан көрінді.

    

Концерттік бағдарлама соңы көрермендер  қатарында отырған лицей директоры  Н.Г.Дементьеваның сахнаға

шақырылып  М.Джексонның  «We are the world» өлеңін оқушылармен бірлесе орындауы және облыстың мәслихат депутаты Е.И.Мащинскаяның атынынан тәтті тортты оқушыларға тарту етуі баршаны қуанышқа бөледі.

 

 

 

 

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст