"Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Техническая школа-лицей"  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.12.2017

«Болашаққа  бағдар:  Рухани жаңғыру»

 

Онкүндік іс-шараның тақырыбы:  «Болашаққа  бағдар:  Рухани жаңғыру»

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.

Міндеттері: қазақ тілге деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде

жеткен жетістіктерінешолу жасау, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.

«Рухани жаңғыру:   Тілге құрмет, елге  құрмет» тақырыбында өткізілге  қазақ тілі онкүндік іс-шарасына мектеп оқушылары мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері белсенділікпен  қатысты.  Жоспар бойынша  онкүндік іс-шараның ашылғаны туралы және жоспар бойынша мектепте қандай іс-шаралар өтетіні мектеп линейкасында хабарланды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері  қалалық білім бөлімінің жолдаған жоспарын негізге ала отырып, мектепішілік жоспар  құрды.  Осы жоспар бойынша  төмендегідей іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Мектеп фоесінде арнаулы  баннер жасалып,  қазақ  тілі кабинеті  рәсімделді.

13 қараша  күні қалыптасқан дәстүр бойынша,  апталықтың салтанатты ашылуы болды.  Салтанатты ашылуда  мектеп директоры сөз сөйлеп, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері:   Байбакова К.Б. және  Боранбаев Ж.А.  апталықтың  жоспарымен оқушыларды таныстырып өтті.  8 «а» сынып  оқушылары Батталова Айдана, Черногорова Полина және Айдарханова Жазира тіл туралы өлең жолдарын оқып, ашылу салтанатының реңін аша түсті.

15 қараша  күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімдері Балғабекова Ж.С. және  Боранбаев Ж.А. 8 «а» сынып  оқушыларымен  «Туған 

жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған тілін?» тақырыбында  эссе жазу байқауын  өткізді.  Шағын эссе жазу барысында   оқушылар туған ел, жер, туралы қанатты сөздерді қолданып, өз ойларын қағазға  түсірді.

15 қараша  күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі   Балғабекова Ж.С. 6 «а» сынып 

оқушыларыммен  «Тіл – мәңгілік»  тақырыбында ашық сабақ  өткізді. Оқушылар сабақ барысында қазақ тілі, туған ел, жер, отан туралы да

тақпақтар мен әндер айтты. Мұғалім  сабақ барысында  әр түрлі  көрнекіліктер қолданып,  апталық іс-шараның оқушылардың  есінде қаларлықтай өтуіне зор үлес  қосты.

15 қараша  күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Ахметова Г.К.  6 «а»сынып оқушыларымен  «Туған күні досымның» атты ашық сабақ дайындап өткізді.  Ашық сабақта 6 сынып  оқушылары  өздерінің туған ел, отан туралы білімдерін, қазақ тілінде сөйлей алу қабілеттерін, сурет салу оны әңгімелей білу мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен  қатар мұғалімнің  бағыт-бағдар беруімен  оқушылар ауызша және  жазбаша  тапсырмалар орындады.  Мұғалім тарапынан  білім берудің  заманауи әдістері мен  тәсілдері  қолданылды.

14-15 қараша күндері Мектеп кітапханашысы   «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ»  атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.  Оған 5-9 сынып оқушылары қатысты.  Кітапханашы  оқырмандарға  апатлықтың  мақсатын  түсіндіріп,  халқымыздың  рухани қазынасы кітапты құрметтеуге, оны оқудан жалықпауға шақырды.

16 қараша күні   Искаков Ғ.М. 10  сынып оқушыларымен «Қаныш Сәтбаев атындағы ғаламшар»  тақырыбында  ашық сабақ өткізді.  Бұл 

сабаққа  қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша  қалалық  шығармашылық  топтың  мүшесі  Каимова  А.Д. қатысты.  Сонымен  қатар 

мектеп әкімшілігі қатысты.  Сабақ  заманауи  талаптарға  сай  сауатты өтті.  Сабақтың  барлық  дидактикалық  кезеңдері  сақталды. Сабақ  мазмұны  «Болашаққа бағдар:  Рухани жаңғыру» тақырыбымен ұштасып  жатты. Мұғалімнің шебер бағыттауымен   оқушылар сабақ  барысында  әртүрлі тапсырмалар орындады.  Жаңа матераиалды меңгеруде  оқушылар смарт мақсатпен жұмыс істеп,  оған жету үшін ауызша және жазбаша тапсырмалар орындады.

16 қараша  күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Боранбаев Ж.А. 7 «б» сынып оқушыларымен  «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында

ашық сабақ дайындап өткізді.    Сабақ  барысында  білім беру мазмұнын жаңарту  бойынша қолданылып жүрген әдістер мен тәсілдер көрсетілді.  Оқушылар мұғалімнің бағыттауымен жазбаша және ауызша тапсырмалар орындады.  Тыңдалым дағдыны дамыту мақсатында аудио мәтіндер қолданылды.  Сабақ  мазмұны  «Болашаққа бағдар:  Рухани жаңғыру» тақырыбымен ұштасып  жатты.

 

17 қараша  күні  бейнелеу пәнінің  мұғалімі Мажкенова Л.А.   5-9 сынып оқушылары арасында «Салт-дәстүрлер – халқымыздың  рухани қазынасы» тақырыбында  сурет  сайысын өткізді.  Оқушылар  салт-дәстүрлер туралы суреттер салып, өнерлерін қағаз бетіне түсірді.   Үздік

суреттер  мараптақа  ие болды.

17 қараша  күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  Байбакова К.Б. 9 «а» сынып оқушыларымен  «Киіз  үйдің ішкі көрінісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар  киіз  үйдің  ішкі  құрылысы туралы презентациялар қорғап, постерлер жасады.  Мұғалім сабақ барысында  сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін  қолданды. 

21 қараша  күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі Ахметбеков Т.Т.  5 «а» сынып оқушыларымен  қазақ әдебиеті пәнінен «Қыпшақ  Сейітқұл» тақырыбында  ашық  сабақ  өткізді. Сабақ  барысында  оқушылар  тақырып бойынша жаңа мағлұматтар  алып,  мұғалімні бағыт-бағдар беруі арқылы  әр түрлі  деңейдегі  ауызша-жазбаша  тапсырмаларды  орындады.   Оқушылар сабаққа белсенді  қатысты.  Өздерінің әдебиет сабағы  бойынша  білімдерін тиісті деңгейде көрсете  білді.

23 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімдері  Байбакова К.Б. және  Ахметова Г.К.   5 «б» сынып оқушыларымен  «Ертегілер еліне саяхат»  іс-шарасын  ұйымдастырып өткізді.  Іс-шарада  оқушылар «Шалқан»,  «Мақтақыз»,  «Түлкі мен бұлбұл» ертегілерін  қойып, 

жиналған көрермендерді өнерлерімен тәнті етті.  Оқушылар  қазақ тілінде  ертегі мазмұнын және ондағы  кейіпкерледі шебер

сахналай  білді. Ертегілерді амашалауға  ата-аналар да келіп,  ризашылықтарын білдірді. 

23 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Ахметбеков Т.Т.  5 «а» сынып  оқушыларымен Мәлік  Ғабдуллин  атындағы 

әдебиет және өнер мұражайына саяхат сабақ  ұйымдастырды.   Саяхат сабақтың  тақырыбы  «Әдебиет және өнер – рухани 

қазына»  деп  аталды. Мұражайда  оқушыларға  Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы,  жауынгер-жазушының ерлік істері айтылды.  Оқушылар мұражайдан Мәлік Ғабдуллиннің  өмірінен сыр шертетін  көптеген  тарихи  жәдігерлерді  тамашалады.    Мұражайды таныстырушы  Абзал Балтабай  оқушыларға жерлес жазушы туралы әсерлі де, тартымды  деректер айтты.  Сонымен қатар  мұражайға қонақ ретінде  Көкшетаулық ақын-жазушы  Құдайберлі Мырзабеков келіп, оқушыларға  рухани күш беретен өлең-жырларын оқыды.  Оқушылар мұражайға өздерінің игі тілектерін  білдіру үшін арнаулы  тілек альбомына қолтаңбаларын қалдырды.

23 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі   Боранбаев Ж.А.   апталықтың  қорытындысын шығару мақстаныда 

өткізілген  шараларға  сараптама жасап,  апталықтың  өту барысы жайлы шағын мәліметті  облыстық  «Көкшетау»  газетіне  жіберді.  

24 қараша  Қазақ тілі және әдебиеті апталығының  салтанатты  жабылуы.   Мепктеп  линейкасында  апталықтың өткізілуі  бойынша

сараптама жасалып,  мектеп  директоры  апталық  қорытындысы  бойынша  іс-шараларға  белсенді  қатысқан  оқушыларды  марапаттап,  алғыс  хаттар  ұсынды.   Салтанатты жабылу салтанатында  оқушылар қазақ тілі туралы әндер айтып, өлең шумақтарын  жатқа  айтты.

 

Просмотров: 981


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст