«Адал ұрпақ» Көкшетау қалалық жастар форумы
Тәуелсіз Қазақстанның ең басты мәселесі қағамдық өмірдің бар саласына дендеп енген жемқорлық болып отыр. Осым орайда қоғамдағы бұл дертпен күресуде үлкен үлес қосатын, кез келген жағдайда
төзімділік танытатын жастарға зор үміт артылып отыр.
Елбасымыз айтқандай « 21 ғасырда Қазақстанда өткеннің жоғары құндылықтарымен тәрбиеленген, қазіргі күннің ең жақсысын бойына сіңіре білген,болшаққа зор сеніммен қарайтын ұлт өмір сүруі қажет. Болашақ – ол өркениетті, жоғары деңгейлі дамыған, бәсекеге қабілетті халықтар арасында лайықты орын.
2017 жылдың 14 қарашасында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапхана қабырғасында
«Адал ұрпақ мәгілік ел болашағы» атты жалпықалалық оқушы жастар форумы болып өтті.
Аталған іс-шараға Гуманитарлы- техникалық лицейден алты делегат белсенді қатысып қайтты. Олар: клуб президенті – Дастан Динар, клуб мүшелері – Джани Анель, Бейсембаев Марат, Моисеева Виктория, Назаренко Екатерина және Ескендирова Анар. Облыстық мәслихат депутаттары, жемқорлыққа қарсы күрес комитеті басшысы,облыстық білім басқармасы өкілдері, «Жас Ұлан» қоғамдық қозғалысының көшбасшылары осы жиынның қонақтары болды.
Аталған форумда лицей атынан Джани Анель сөз алды. Жиынға қатысушы жастар өкілдерінің барлығы бір ауыздан жемқорлықпен күресте бірлесіп жұмыс жасауға болатынын және оны белсенділік таныту арқылы жеңуге де болатын айтып өтті.