Лицейст күні 2017
1811 жылдың 19 қазанында Ресей имперясында бай-манаптардың балаларына арналған ерекше құзырлықтары бар білім ордасы - Императорлық патшауылдық лицей ашылып, 1918 жылдың 29 мамырына дейін жұмыс жасады.
Бұл күн нәтежиесінде түлектер үшін дәстүрлі түрде «Лицейст күні» болып аталып өтетеін болған. Әлбетте лицейст атауы бірінші кезекте орыс халқының танымал ұлы ақыны - Александр Сергеевич Пушкин есімімен сонымен қатар
түлектер: А.Дельвиг, И.Пущин, Кюхельбекер және тағы басқа дана тұлғаларымен тікелей байланысты.
Лицейге 10-14 жас аралығындағы балаларды қабылдаған.Алғашында лицейде білім алу алты жылды құраған. Патшауылдық лицей дәстүрін қазіргі таңда да сақтап,дамытып отырған лйцелер аз емес. Солардың бірі Көкшетау гуманитарлы – техникалық лицейі, бұл білім ордасы 26 жыл бойы үздіксіз 10-17 жастағы балаларға тәрбие және білім берумен айналысып келеді. Лицей түлектері жыл сайын еліміздің және Ресей, АҚШ, Қытай және тағы басқа
мемлекеттердің ең үздік жоғары оқу орындарының шәкірттері атана отырып, лицей мақтанышына айналып отыр.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Біз қазақстандықтар – біз ортақ болашақтың ұлтымыз. Бұл айқын. Егер біз қазақстандықтар болсақ ұлттар арасында ешқандай алалаушылық болмау керек. Біз елімізде тұрақтылық мен келісімнің өзіндік үлгісін дамыта отырып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік» -деп айтқан болатын.
Осыған орай біздің ГТЛ-М оқушылары өздерінің бір –бірлеріне, ұстаздарға деген достық, сабырлылық өзара түсіністік қасиеттері арқылы ерекшеленіп тұратынын атап өткім келеді. Лицейімізде сегіз ұлттың өкіледері тәрбие мен білім алуда. Сондықтан да біздер бірнеше жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблееясы және Орыс қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыс орната отырып, жұмыс жасап келеміз.
Патриотизм – өзіндік мәдени-генетикалық ұлттық кодты сақтау, қоғамдық сананы жаңғыртудың ең басты талаптарының бірі. Мемлекттік ұлттық стратегия негізіне - құндылықтар мен адами қасиеттерді бірктіре отырып, патриотизм ұлттық идеяға ұласуда. Оның негізіне өз өлкеңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен тұрмысы, Отан алдындағы міндетің, өзіңнің кіші отаның –Туған жер жатады
2017 жылдың 23 қазанында лицей қабырғасында дәстүрлі түрде аталып өтетін «Лицейст күніне» арналған ауқымды іс-шара болып өтті
Жыл сайын біздер - ГТЛ оқушылары мен ұстаздары қыркүйек айынан бастап осы күнді асыға күтеміз және үлкен дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жыл да назардан тыс қалмады. Биылғы жылы іс-шарамыз «Рухани
жағыру» жалпыұлттық бағдарламасы тақырыбында өтті. Мұғалімдердің, ата-аналардың және Ақмола облыстық Орыс қоғамының қолдауымен дайындалған лицейстер барлық ұсынған көріністерін екі
халықтың ұлы ақындары А.С. Пушкин мен А. Құнанбаевты насихаттауға арнады. Балалар ақындардың өлеңдерін оқып, шығармашылықтарынан үзінді көрсетті және өздерінің арнау өлеңдерін оқыды.
Біздің іс-шарамызға Достық үйінен және БАҚ өкілдер қатысты. Іс- шара соңында Орыс қоғамы сынып ұжымдарына Алғыс хаттар және кітап түрінде естелік сыйлықтар табыстады.