Текст
ҰБТ-ға дайындық толығымен жүріп жатыр!
Жыл сайын гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің оқушылары ҰБТ және ҚА қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсетеді. Биылғы оқу жылында қорытынды емтиханға 35 оқушы дайындалуда.
8 қазан күні «Көкшетау Достық» білім беру орталығында алдын-ала тестілеуі өтті. Жұмыстың қорытындысы бойынша 6 оқушымыз қала бойынша ең жоғары нәтиже көрсетіп, 25-50% жеңілдік растайтын Дипломдарына ие болды.
20 оқушы 10% жеңілдікті растайтын Сертификаттарына ие болды.
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!