«Соңғы қоңырау - 2017» іс-шарасын өткізу бойынша ақпарат
Міне, оқу жылыда аяқталды. Барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Біздің Гуманитарлы – техникалық лицей мектебі солардың қатарында.
2017 жылдың түлектеріне мерекелік күн 25 мамыр сағ. 10.00-де «Тәуелсіздік» алаңында басталып, сағ. 14.00 «Көкшетау» мәдениет сарайында «Соңғы қоңырау - 2017» мерекесімен жалғасты.
Лицейдің барлық оқушылары вокалдық, би нөмерлерін көрсетіп, өздерінің мектеп өмірінен және сүйікті жерлері туралы бейнероликтер дайындап мерекені жоғары деңгейде өткізуге белсене ат салысты. Мерекенің ең бір тебіреністі сәті 10-шы сынып оқушыларының «Пираты Карибского моря» тақырыбында театрландырылыған көрініс көрсетіп, әрбір түлекке жеке қасиеттерін көрсете отыра арнайы номинациялар ұсынып, жылы лебіздерін білдірді.
Лицейден естелік ретінде ескек желкендер сыйлады.
Бағдарламаның ең шарықтау шегі он бірінші сынып оқушыларының мұғалімдер туралы көрініс көрсетіп әдемі вальспен жалғасты. Сүйікті мұғалімдеріне номинациялар ұсынып, алғыс сөздерін білдірді. Түлектер өздерінің атан –
аналарына, аталары мен әжелеріне берген тәрбиелері үшін алғыстарын білдірді. Мерекеге қатысушылар туған мектептерімен қоштасып үлкен өмірге қадам басып отырған түлектерді көздеріне жас алып шығарып салды.
Іс-шараның соңында соңғы қоңырау соғылды. Оны соғу құқығы Ахмалишев Әліби және Ошанова Дианаға берілді. Соңында түлектер «Останусь мелом на доске» ақтық әнін орындады.
Т.І.Ж директордың орынбасары: Кулина О.В.