Гуманитарлы – техникалық лицей-мектеп оқушыларының Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин
атындағы Көкшетау мемориалдық мұражайына баруы туралы ақпарат.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдық мерей тойын мерекелеу қарсаңында гуманитарлы-техникалық лицей оқушыларымен Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Бәрімізге Қызыл әскердің фашистік Германияға қарсы алғашқы жеңісі Мәскеу түбіндегі шайқаста болғаны белгілі. Қазақстандықтар қаланы жаудан қорғауда үлкен еңбек сіңіргендері белгілі. Атақты генерал И.В.Панфиловтың басшылығымен 316 дивизия 26 қазаннан 18 қараша аралығында жауларға қарсылық көрсетіп қана қоймай, оларды шебін қиратты. Көрсеткен ерлігі мен
батырлығы үшін жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қызықты саяхат барысында 5-11 сынып оқушылары оның биографиясы мен өмір жолы туралы көптеген мағлұмат алды.
Альтергот В.В. – ГТЛ-М тарих мұғалімі