Коучинг-сабақтарының жоспарларын жасауға қатысты менің ойларым
Мұғалімдерге арналған Нұсқаулыққа сүйене отырып, оқушылардың тәуелсіз, жоғары мотивициялы және өзіне сенімдіbтұлға болып шығуына ұстаздың оқыту үдерісіндегі, сыныптың күнделікті өміріндегі
жұмысында жеке тұлғасының маңызы зор екендігі нақты айтылған байқауға
болады. Айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің күнделікті тәжірибиемізгеvөзгертулер енгізу қажет. Оқушылардың тек білімдерін қалыптастыруға ғана емес, олардың сабақтардағы тәжірибиелік дағдыларына да үлкен көңіл аударуымыз керек. Бұл жағдайда тәжірибиені шындаудың ең басты құралы көшбасшылық болып табылады.
Тәжірибие барысында көшбасшы рөліне кіру дегеніміз - бұл скаффолдер, фасилитатор болу
деген сөз. Әріптестерімді 7 модульдің идеясы бойынша алған жаңа білімдерін өздірінің білімдерімен алмастыра отырып жұмысқа тарттым. Соынмен қатар мұғалімдердің рефлексиялық ойлау қабілеттерін дамытуға тырыстым. Бағдарлама талаптарына сәйкес, ұстаз оқушының жұмысы бойынша маңызды қорытынды жасай
алатын қабілетке ие болуы тиіс.
Әріптестерімнің арасында коучинг тақырыбы бойынша сауалнама жүргізіп, мұғалімдердің 70% «Өзін-өзі реттеу» тақырыбына тоқталғанына көзімді жеткіздім, оларды бұл термин қызықтырғанын байқадым. Оған дейін бұл
ұғымды әріптестерім тек психологияда ған кездестіргені анық. Бірінші коучинг оқыту барысында өзін-өзі реттеу тақырыбына арналды. Коучинг мақсаты: Коучин-сабақ соңында мұғалімдер өзін-өзі реттеудің маңызын түсініп, өзін-өзі реттеу үдерісінің аспектілерін анықтап және өзіңе өзін-өзі реттеу дағдысын дамыту үшін қажетті тәсілдерді таңдап
алу.
Маған оқыту үдерісінде өзін-өзі реттеудің мүмкіншіліктерін ашу керек болды. Көбіміздің оқушылардың жауабын алу шыдамымыз жетпей жатады, оларға тақырыпты талқылауға қажетті уақытты, мәселенін шешімін табуға мүмкіндік бермей жатамыз. Меніңше, мен оларға ой тастаған сияқтымын. Әрқайсысы өзі үшін өзін-өзі реттеуге
қажетті тәсілді таңдап алды. «Қалай оқыту керектігі жайындағы оқыту» модулі көп әріптестерімнің ішінде үлкен
қызығушылық тудырды. Олардың кейбіреулері аталмыш модуль бойынша өзбетімен меңгеру үшін материал алды.