Мұғалімдер
арасындағы «Үздік педагог» қалалық сайысы туралы
13 сәуір 2017 жылы № 21 ОМ қала
мұғалімдері арасында "Үздік педагог" қалалық сайысы болып өтті. Лицейдің атынан сайысқа
ағылшын тілі мұғалімі Громова Марина Владимировна қатысты. Сайы 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең ең үздік портфолио және сабақ әзірлемесі, 2 кезең визитка және "Менің педагогикалық ұстанымым" тақырыбындағы
эссені қорғаудан тұрды. Сайысқа 14 мұғалім қатысты. Әрбір мұғалімнің өзіндік бір
ерекшелігі, белгілі бір басымдылығы болды. Әр мектептің көрермендері қатысушы
мұғалімдерге қолдау көрсетіп отырды. Марина Владимировна лицей намысын және
өзінің педагогикалық шеберлігін жоғарғы деңгейде қорғап шықты. Нәтижесінде
жеңіске қол жеткізді! Екінші
жүлделі орын және ақшалай сыйлық - 60 мың теңге!
Біз Марина Владимировнаны бұл жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа биіктерге көтеріле беруіне тілектеспіз!