Көкшетау гуманитарлы
– техникалық лицей мектебі ұжымының
ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау бойынша өндірістік жиналыстын
өтуі туралы.
4 ақпан 2017 жылы
гуманитарлы-техникалық
лицейінде Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын
талқылау бойынша жиналыс болып, оған ұжымның 31 мүшесі қатысты.
Жиналысты лицей директоры
Дементьева Наталья Григорьевна ашты. Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың ел
экономикасының дағдарыстан шығудың жолдары бойынша ұсынған шаралары мен үнемі
өзгеріс жағдайындағы әлемде әрі қарай дамудың маңыздылығы атап өтілді.
Жолдаудың негізгі бағыттарын өз сөзінде тарих және қоғамтану пәнінің
мұғалімі Альтергот
Владимир Викторович ашып көрсетті.
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары барысында өз басынан 2 жаңғыртуды кешірді:
1991-1997 жылдары
– баяу экономикадын нарықтық
экономикаға көшу.
1997-2017 жылдары
– артта қалу аймағынан 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына
көшу.
2017 жылдан бастап
үшінші жаңғырту жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты әлемнің дамыған 30
мемлекеті қатарына ену.
Президент дамудың негізгі 5 басымдылығын жариялады.
1 басылымдылық
– жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу, жаңа өндірістер
мен цифрлық технологияларды әзірлеу. Бұл Астанадағы ЭКСПО-2017 өткізуде үлкен рөлге ие болары анық.
2 басылымдылық – дәстүрлі салалардың одан әрі дамуы: өндіріс, АПК, көлік және
логистики, құрылыс.
Бұл мақсатта:
- еңбек өндірісін арттыру.
- қазақстандық өнімнің экспортын арттыру.
- шетелдік инвестицияны тартуды жалғастыру.
- мұнай-газ және тау-кен өндірісін жетілдіру.
- АПК – ел
экономикасының жаңа драйверіне айналуы тиіс.
- еуразиялық
логистикалық инфрақұрылымды дамытуды
жалғастыру
- ауқымды
құрылыс, ел урбанизациясы.
3 басымдылық
– еңбек нарығының жаңғыруы.
- қажетті вакансияларға қайта біліктіліктен өткізу және оқыту.
- халқының саны көп ауылдар мен аймақтардан ішкі көші – қонды жүзеге асыру.
- жеке-мемлекеттік әріптестік: жұмыс орындарын құру.
4 басымдылық
– адами капитал сапасын жақсарту.
- білім беру жүйесін жаңғырту: оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, тілдің үштұғырлығын дамыту (қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі), кәсіби –
техникалық тегін білім беру жүйесін қалыптастыру.
- міндетті медициналық сақтандыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру,
отандық дәрі – дәрмектерді өндіру, заманауи медициналық орталықтар салу.
5 басымдылық
– институционалдық жаңару. Ол билік
тармақтары арасында өкілеттілікті тиімді бөлу, елдегі кез келген жемқорлық
түрімен күрес, еліміздің барлық азаматтарының заң алдында теңдігін қамтамасыз
ету.
Жолдауды талқылауда ЕЛЕНА
– мектеп менеджері, Айтжанова Б.Х. – ҒӘЖБ директордың орынбасары, Искаков Ғ.М.
– қазақ тілі мұғалімі, Мустафина Г.А ШІБ директордың орынбасары және тағы да басқалары сөз сөйледі. Сөз алғандардың барлығы Елбасы қойған міндеттердің барлығыда уақытылы және ауқымды екенін атап
кетті.
Жиналыс қорытындысын лицей директоры жасады. Ол барлық бағыттағы жұмыстың маңыздылығына тоқтап, білім беру үдерісіндегі
жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыруда педагогикалық ұжымның атқаратын жұмысын атап
кетті.