"Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық мектеп-лицейі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Техническая школа-лицей"  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.03.2018

Көкшетау қаласы білім бөлімінің

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

қызметі туралы 2017жылдың жарияталқылау үшін

есебі

 

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі

мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім бөлімінің Тізілімі 24қызметті, соның ішінде ведомстволық ұйымдарда көрсетілетін 8 қызметті қамтиды:

 

1.    «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынақұжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

2.   «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттардықабылдау және оқуға қабылдау»

3.   «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балалардыүйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

4.   «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

5.   «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»

6.   «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

7.   «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

8.   «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» 

Өткен 2017 жыл кезеңінде барлығы 14462 қызмет көрсетілді, оның ішінде: І«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» АҚ арқылы көрсетілген мемлекеттікқызметтердің саны– 2175.

1.   Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру-23

2.   Жетім балаға  (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)

қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу – 26

3.   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған

балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру – 158

4.   Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың

анықтамаларын беру – 63

5.   Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -1798

6.   Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау – 35

7.   Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 72

8.   Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру - 0

 

I.            

       ЭҮП (электрондық үкімет порталы) -2004

1.   Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру – 3 қызмет көрсету

2.   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге,

ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру -6 қызмет

көрсету

3.    Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 1995 қызмет көрсету

III.   Қағаз түрінде-10283.

1.   Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-1507

2.  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту

үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау -1914

3.  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы

бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау -62

4.   Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға

қабылдау- 3977

5.   Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін

тамақтандыруды ұсыну -2396

6.   Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру -2

7.   Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді

тағайындау -1

8.   Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою -20

9.   «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты

біржолғы ақшалай төлемді тағайындау -14

10.               «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау -21

11.               Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу

үшін құжаттар қабылдау -14

12.   Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау -354

Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

     Халықты ақпараттандыру мақсатында білім бөлімі сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету нұсқаулықтары орналастырылған, 2017 жылы білім бөлімімен қалалық БАҚ-та аталған бағытта бірнеше рет материалдар жарияланды. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім бөлімінің фойесіндегі және

халықа қызмет көрсету орталығы стендтерінде орналастырылған.

     Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халыққа қолжетімді және ақпараттандыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында стандарт, регламенттер, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

     Ай сайын Көкшетау қаласының әкімдігіне 24 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі  мониторингі бойынша

жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.

     Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оң үрдісі байқалады, орындаушы тұлғалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының  жауапкершілігі күшейтілді.

 

 

Бөлім басшысы Б. Жусупов

 

 

 

 

 

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст