Текст
5 қыркүйек күні Тілдер мерекесі күніне орай қала мектептерінде Жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Біздің лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.А. Боранбай мен Ғ.М. Искаков 9,10 ,11сыныптар арасында "Тұрар Рықұлов - тарихи тұлға" тақырыбында диктант өткізді. Диктант жазуға жалпы 60 оқушы қатысты.