Текст
«Мұғалімдер күні» мерекесі қарсанында 02 қазан күні Техникалық лицейдің ұстаздары: математика пәні мұғалімі Сабитова А.И., директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары: Шаменова М.Т., ағылшын тілі мұғалімі Громова М.В., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Искаков Ғ.М. Ақмола облыстық «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының «Таңғы эфир» бағдарламасына қонаққа шақырылды. Сұхбат барысында жүргізушілер ұстаздардан бұл мамандыққа қалай келгендері туралы, күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтар мен қызықты оқиғалар жайында сұрақтар қойып, жас мамандарға қандай ақыл-кеңес беретіндіктері туралы сұрады. Ұстаздардан қойылған сұрақтарға шынайы жауаптар алынып, мұғалім мамандығының қыр-сыры жайлы әдемі әңгіме өрбіді.